Спорт - денсаулық кепілі. Мен спортпен шұғылданғанды ұнатамын. Себебі ол денсаулыққа пайдалы. Спорт түрлерінен маған ең жақыны жүзу. Себебі суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. Мен де осындай көптеген жетістіктерге жеткім келеді.