Қыстың қақаған ызғарлы суық желі соғып тұр. Ауыл-аймақ жым-жырт. Есік алдында тұрған қара торы ат суықты сезгендей басын төмен түсіріп, аяғын әлсін-әлсін тепсініп қояды. Әрбір үйдің төбесінен будақтаған қою түтіннен ауылды ақ тұманға орады. Көктемнің жайма шуақ күнінде бозторғай ән салатын күнді асыға күтіп жүрмін.