Біздің мұғалім.
Мен мектепке барғанды жақсы көремін. Себебі, онда біздің сүйікті мұғаліміміз бар. Бұл мейірімді мұғалімнің аты - Қарлығаш Орынбасаровна. Ол қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Біздің сынып Қарлығаш Орынбасаровнаның сабағында тыныш отырады. Біз мұғаліммен анда-санда ойын ойнап тұрамыз. Біздің мұғалім өте әдемі, көрікті, мейірімді, инабатты, әзілқой кісі. Қарлығаш Орынбасаровнаға ренжісек, ол бұл ренішті ойынға айналдырып жібереді. Оның мұнайғанын ешқашан көрген емеспіз. Сыртынан қатал мұғалім болғанымен де, ішінен жүрегі жұмсақ, мейірімі мол адам. Біздің мұғалімнен алатын үлгі көп!