Ерте ерте ертеде бір түлкі болыпты. Ол өте қу және сұрқия болған, үнемі бәрін алдап жүрген,ешкіммен дос болмаған. Бір күні ол орманда жүгіріп жүріп, қақпанға түсіп қалды. Ол өздігінен шыға алмады. Жақын маңда бұғы жайылып жүрген. Түлкі соған жалынады, көмек сұрайды. Бұғы оған көмектесіп, қақпаннан босатады. Ал түлкі болса, бостандыққа шыққан соң, рахмет айтпастан қашып кетеді. Өйткені ол жақсылықты түсінбейтін және бағаламайтын.