Менің мектебім.
Менің атым ..... Мен екінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және екі қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар.
Менің сынып жетекшім Шелудько Татьяна Алексеевна. Ол бізге сабақты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз, ребустарды шешеміз.
Ал, қазақ тілін Жумакаева Сауле Ертаевна береді. Маған қазақ тілі сабағы өте ұнайды. Мұғалім бізбен қазақша сөйлеседі. Өлеңдерді жаттаймыз.Жиі қазақ ойын ойнаймыз. Мен «Алтын сандық» ойынын ұнатамын.
Мектепте көптеген мерекелер өтеді. Біз би билейміз, ән саламыз.
Мен өз мектебімді жақсы көремін.