Мен өзімнің сүйікті ісім (хоббиім) туралы сіздермен бөліскім келеді. Мен табиғатқа шығып демалғанды, әсіресе көлден қармақпен балық аулағанды ұнатамын. Сабақтан бос уақытымда атаммен бірге әруақыт балық аулауға барамыз. Бұл атама да ұнайды. Апта бойы шаршағаның қармақ ұстап, балық аулап отырғаныңда бірден тарайды. Үйде аквариумда балықтар ұстаймын. Жалпы балық аулау, асырап, өсіру менің сүйікті ісім.