1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
Сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Қазақ халқы осы құдіретті ежелден-ақ білген. Сондықтан әрбір жаңа іс алдында жақсы сөздер айтып, тілегін білдірген. Қазақта батаны ер адам береді. Ақ бата – әр адам үшін асыл қазына. Бата- жаңа бастамалардың бойтұмары.
2. «Менің отбасым тату тұрады» тақырыбына әңгіме құрастырып айтыңыз.
3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:
бетінен оты шығу