Помогите пожалуйста перевести)) очень срочно надо) ПОЖАЛУЙСТА!!!!!!!
Қаракей Қабанбай, Дарабоз-батыр, талантты колбасшы. Азан шақырып қойылған есімі -Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық атауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жеті жасында кемі Қожакұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасында жасырын барып, ағасын өлтірген жонғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Замандағы Керек ішіне кетіп, жездесі Бердаулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, "Қабан батыр" атанды. 1717 ж. Аягоз шайқасында , 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына,кейіннен Шынғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. 1741 ж. Шынғыстаудағы Шаған шайқасында Ақбоз атпен топ жарып, жауға ш апқаны үшін Д арабоз атанды.1751 ж. Ол Төле бидің билікке келуіне көмектесті. 1752-54 ж. бірнеше қазақ өңірлерін азат етті 1756 ж. жонғар билеушісі Əмірсананы куып келген қытай əскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол. Кеген өнірлерін қырғыз зардап қайтарып алуға қатысады.1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке жекпе-жек шығып, Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен кұлап түсіп,қазаға ұшырайды.