Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2015 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша – 853 мыңнан астам адамды құрайды.
Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, әлеуметтік- мәдени, ғылыми, білім беру нысандары және іскерлік- орталықтар, тұрғын- үй кешендері алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін құрылыс нысандары бой көтеріуде. Астананың жаңа әкімшілік орталығында ҚР Президентінің резиденциясы- Ақорда, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталықтарында кеңселер, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік- мәдени орталықтарда театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорттық нысандар, ойын- сауық орталықтары орналасқан.
Астанадағы кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 2003 жылы әлемдік «Moodys Investors Service» рейтингтік агенттігі қаламыздың кредиттік рейтингісін Ва3 –тен (тұрақты) Ва1 –ге (оң) дейін, бірден екі деңгейге көтерді.
Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск (Польша), Ушак (Түркия) , Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдіғі) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым- қатынастар тығыз байланыстырады.
2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚ- тің ірі қалалары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас саласында беделді ұйым болып табылатын астаналар мен ірі қалалар халықаралық Ассемблеясына (ХҚА) мүше болды.