Бірлік туралы күнде естиміз. Неге, бұл сөздің құдіреті неде? Неге біздің тірлігіміз тікелей бірлікке байланысты? Себебі, адамдар бір-бірін түсінуге тырыспай, ұрыс іздеп, дау іздеп отырса, ондай от басында жайбарақат өмір сүріп, ісіңді жалғастыру мүмкін бе? Әрине, жоқ. Шыдамның шегі бар, ол бір үзіледі. Бұның бәрі денсаулыққа, ауызбіршілікке кері әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, ойланған адамға бірлік түбі - тірлік сөзінің мәні зор.