Бозторгайдын ерлиги мазмундама 6сынып

0 голосов
131 просмотров

Бозторгайдын ерлиги мазмундама 6сынып


Қазақ тiлi (77 баллов) | 131 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Жоспар;
1Жем тасыған бозторғай
2Келген қатер
3Балапандар шырылы
4БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАННЫҢ ЕГЕСІ.
ӨЛГЕН ЖЫЛАН.
Бозторғай балапандарына  ертелі-кеш жем тасып жүр еді. Күн сәскеге таянғанда ұясына жем әкелген бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан ұяға жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып, шыр-шыр етеді.
            Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды.
  - Мына сорлы қайтеді, ей?!Жан керек болса,былай тұр жолымнан,-деді жылан басын көтеріп.
     -Сен менің балапандарымды жемексің,қалайша мен саған жол бермекпін?Жоқ,ол болмас
 - Онда өзіңді жеймін
  -Жей алмайсың
 -Не дейсің?Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген?
 - Кім естісе,ол естісін.Мен балаларымды тастап кете алмаймын,
одан да өзімнің өлгенім жақсы
 - Онда кел бері,түс аузыма
 - Аш аузыңды
 Жылан аузын ашып,көзін жұмды.
Бозторғайға керегі осы еді,жыланды шап беріп екі аяғымен басынан мықтап бүріп , жерден іліп әкетті.Жылан торғайды орап алмақ болып ,жиырылып әлектеніп көріп еді,ештеңе шықпады.
 Бозторғай шырқай көтеріліп,тү-у биіктен жыланды жайпақ тастың  үстіне тастап жіберді.Содан соң жер бауырлай ұшып,оның парша-паршасы шықаннын көрді де, жөніне кетті.
 Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді.(168сөз)

(5.5k баллов)