Наурыз- жыл басы.
Наурыз мейрамы -жыл басы және көктемнің негізгі мерекесі.Бұл атау парсы тілінен келген.Қазақ күнтізбесі бойынша ,наурыздың алғашқы күнін Жаңа жылдың басы деп біліп, Ұлыстың Ұлы күні деп атап кеткен.Ұлыстың Ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де , өзгеге де жақсылық тілеген.Наурыз мерекесін тойлау үшін неше түрлі тағамдар әзірленеді.Наурыз күні даярлайтын басты тағам-Наурыз көже.Наурыз көже қасиетті ұлттық тағам.Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалады. Дастарқанға одан басқа қазақтың ұлттық тағамдары да қойылады,бауырсақ, талқан, қоспа ,қымыз, қазақша ет, қуырдақ сияқты тағамдар.Наурыз күні алтыбақан құрылады, ән шырқалып, би биленеді.Қазақ халқының әртүрлі ойындары ойналады.Барша халық бұл күні бір-бірін мерекемен құттықтайды.