Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97 проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында. Совет Одағында бұл өзен алабының көлемі тек Енисей, Лена және Амур өзендерінің алаптарынан ғана кішірек. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр. Өзеннің сол жағынан Сауыр -Тарбағатай, Қалбы, Сарыарқа тауларының шығыс және солтүстік биіктіктерінен оңтүстік Орал мен Батыс, Сібір алаптарынан аққан өзендер келіп құяды, алоң жағынан Қазақстан Алтай тауынан Батыс Сібір орталығындағы Белағаш, Құлынды және Барбы жазықтарынан ағатын өзендер келіп құяды. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында 1393 өзен бар. Оның ішіндегі 16 өзеннің әрқайсысының ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге дейін созылады.
Ертіс өзені биіктігі 2500 м. Моңғол Алтай тауынан басталып , Қытай Халық Республикасының басып өткесін Қара Ертіс өзені болып аталады. Өзен біздің территориямызға жеткенде , шекарада оған Алкөбек, Қалжыр өзендері құяды. Содан барып 152 километр өткеннен кейін Зайсан көліне құяды (қазіргі уақытта мұнда Бұқтарма су электр станциясы салынған ). Ол кездегі Зайсан көлінің көлемі 1900 шаршы километр, ұзындығы 100 километрге , ені 29 километрге , ал тереңдігі 10 метрге жететін. Ертіс өзенінің ұзындығы 4450 километр. Ертіс, Еділ өзенінен ұзынырақ, алабының көлемі жағынан да үлкенірек, дегенмен Ертіс өзені ағынының жылдамдығы Еділ суынан екі есе кем.