Переведите текст пожалуйста
Белдік
Қазақ халқында әйелдер мен ерлер костюмдерінің ажырамас бір бөлігі, былғары, барқыт, жібек, жүннен жасалған белдіктер болды. Салтанатты киімдерге белдік жасау кезінде тапсырыс берушілер қымбат материалдарға сараңданбай, шеберлер өз уақытын аямай бар күші мен шеберлігін сол жұмысына арнады.
Ерлер белдігі тікбұрышты пішінде болды. Белдікке әр түрлі өлшемде күміс түйіндік тігілді. Үшбұрышты түйіндіктер смальтадан қойылған түйіндіктермен кезектестіріліп тігілді. Белдіктегі айылбас қисық қойылған шаршыдан жасалынады, осыдан келіп қиық шығады. Қиықтың айналасында – үшбұрыштар бейнеленеді.
Қазақтар үшбұрыш адамды арам күштерден сақтайды деп сенді. Белдіктің бетіндегі түйіндіктер өзіндік қасиетке ие. (84 сөз)