Барлық оқушыларға емтихан тапсыруға тура келеді, бұл өзі көп еңбекті қажет етеді. Емтиханға дайындалар алдында дайындалу жоспарын жасау керек: қалай оқу керек? нені оқу керек? Ең бастысы өзіңе деген сенімді жəне сабырлықты сақтай білу. Дəптер алып, оған билеттерді жазу керек. Қажетті кітаптар алып, олардың да ішінен керек ақпарат жазуға болады. Билеттер арасында үзіліс жасап, демалып тұру керек. Оған қоса ақпаратты ғаламтордан табуға жəне мұғалімнен сұрап алуға болады.