Сәуірде ОЖСБ болады,ол маңызды ма?Ол баға қайда түседі?Дұрыстап түсіндіріп бере аласындар...

0 голосов
208 просмотров

Сәуірде ОЖСБ болады,ол маңызды ма?Ол баға қайда түседі?Дұрыстап түсіндіріп бере аласындар ма?


Қазақ тiлi | 208 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметі сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

Мектептерде ОЖСБ білім беру қызметінің сапасын бағалау және негізгі орта білімнің (9-сыныптан кейін) оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

ОЖСБ-ны өткізу мерзімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Негізгі орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ оқушы білім алатын мектептің базасында өткізіледі.

ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде, арнайы бланкілерді (жауап парақтары) қолдану арқылы да, компьютерлік технологияларды қолдану арқылы да өткізіледі.

Тестілеу тапсырмалары оқу бағдарламаларының шеңберінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ОЖСБ кезінде оқушылар 4 пән: қазақ тілі (міндетті түрде) және жыл сайын Білім және ғылым министрлігімен анықталатын 3 пән бойынша тест тапсырады.

Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.

Тестілеуге 2 сағат (120 минут) уақыт беріледі.

ОЖСБ нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарына өңделеді.

ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.

(458 баллов)