Менің атам! Мен ес білгелі атамды ойымнан бір елі шығарған емеспін. Әлі күнге шейін айтып отырады 4 жасымда "Ата мен сенің балаң болам, сенің қасыңа жатамын деп" келгенімді. Менің туып өскен ауылым Арыс ауданы, "Көкжиде" деген ауыл. Біздің ауылдың кәсібі басқа көпшілік ауыл сияқты негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. Соның ішінде мал шаруашылығы мен бақша дақылдарын өндіру. Мал шаруашылығы жыл бойына жүретін болса, бақша дақылдарын өсіру науқанында жүргізіледі.