Дененің мінсіздігі-денсаулық
Адам денесінің мінсіз болуы-оның денсаулығына байланысты .Халқымызда Дені саудың жаны сау-жаны саудың тәні сау,-деп айтылған сөз бар.Денсаулық дегеніміз не?Менің ойымша,денсаулық-он екі мүшенің саулығы.Адам ұзақ өмір сүріп,ауруға шалдықпау үшін ең алдымен денсаулығын күту керек.Халқымызда Тазалық-денсаулық кепілі деп бекер айтпайды ғой.Денің сау болу үшін,ең алдымен жеке бас гигиеналарын сақтау керек.Ауру-астан,-демекші,дұрыс тамақтану да денсаулықты нығайтудың жолы.Иммунитетің түсіп кетпеу үшін,витаминдер жеміс-жидектер жеу керек.Спортпен шұғылдану-ұзақ жасау мен дене сымбатын сақтаудың ең керемет жолы.Спортпен айналысқан адам шымыр,ауруларға төтепбергіш келеді.
Иә,денсаулық-сенің өміріңдегі ең маңызды нәрсе.Әр адам өз денсаулығын нығайтуы керек.