шыгарма 8 сынып мукагали казак поэмасы ның алыбы

0 голосов
103 просмотров

шыгарма 8 сынып мукагали казак поэмасы ның алыбы


Қазақ тiлi (61 баллов) | 103 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

 Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзге оттай басылып, ыстық көрінетін ол жұлдызды басқаларының жұлдыздарымен шатастыру мүмкін емес.
Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды.
Австралияның, не немістердің құйып қойғандай костюмін кимей-ақ, галстугін тақпай-ақ, біресе сәбише шаттанып, ақ түйенің қарны жарылғандай ақ жарқын, бірде қайғысын қара жерде ауырсынардай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдында қасқая қарап тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді, Катонқарағайда қалған қарындасының сағынышы ма, дауылы Махамбет боп дауыстаған құм Нарындағы ақын жанды бауыры ма, Асан қайғы аруанасының ізінен өнген Шардараның шарқ ұрған шағаласы ма, бұлттары өлең боп құшқан Оқжетпестің көк тасты қиясындағы қарағайы, әйтеуір бәрі Мұқағали болып сөйлейді, Мұқағали болып ән салады.Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда төбедегі нүктедей тынысыңды кеңейтер таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл – поэзия құдіреті.

(92 баллов)