Помогите написать сочинение ** казахском про лето с переводом ** русский.заранее спасибо

0 голосов
100 просмотров

Помогите написать сочинение на казахском про лето с переводом на русский.заранее спасибо


Қазақ тiлi (12 баллов) | 100 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жаз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары өз орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. Астрономиялық тұрғыдан жаз 93 күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте, Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі. Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік облыстарда қоңыржай жылы болып келеді. Бұл жайт шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді. Алайда ауа райы бойынша Қазақстанның оңтүстік облыстарының жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем болып отырады. [1]

Жаз әр аумақтағы ауа температурасы едәуір жоғары болатын жыл уақыты, климат маусымы. Астроиомиялық ұғым бойынша жазғы Күн тоқырауынан күзгі күн мен түннің теңесуіне (Солтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы; Солтүстік жарты шарда - маусым, шілде, тамызды, Оңтүстік жарты шарда — желтоқсан, каңтар, ақпанды жазғы айлар деп атайды. Жаздың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі ендіктерден жоғары ендіктерге қарай қысқарады. Экваторлық белдеуде Жаз үздіксіз жыл бойына созылады. Субтропиктік белдеулерде Жаз 5 айға, қоңыржай белдеулерде 3 айға созылады, полюстік ендіктерде 1—2 айдан аспайды.   

Выбири какой хочешь!

 

 

 

(72 баллов)