ПОМОГИТЕЕЕЕ 1)Тол сөзбен-автор сөзі 2)Тарихи-мәдени ескірткішкер "Алтын...

0 голосов
172 просмотров

ПОМОГИТЕЕЕЕ

1)Тол сөзбен-автор сөзі

2)Тарихи-мәдени ескірткішкер "Алтын адам"

3)Шылау(мысал)

4)Қазақ билеры туралы айт

СПАСИБО БОЛЬШОЕЕ


Қазақ тiлi (92 баллов) | 172 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз.
Төлеу сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз. Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.
 Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. это прямая косвенная и речь и слова автора

2Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. 

3Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.  Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер

 Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар
сұраулық
шектік
нақтылық
күшейткіш
болжалдық
болымсыздық
қомсыну

сураулык шылау мен ертең қыдыруға барамын ба? ба сураулык

мынау бала кіп-кішкентай екен! кіп-кішкентай кушейткиш

Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
Төле би (1663—1759 жж.)
Қазыбек би (1667—1764 жж.)
Әйтеке би (1644—1700 жж.)

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды. 

(314 баллов)