Қазақ батырлар туралы шығарма

0 голосов
108 просмотров

Қазақ батырлар туралы шығарма


Қазақ тiлi (597 баллов) | 108 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Батыр  —әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан,қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағымирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан 
Көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған, мемлекет билікті қолына ұстаған қоғамдық топ — әскери ақсүйектер болды. Осы топта соғыс ісінің тәжірибесі жинақталып, әскери өнер дамып, қару-жарақ жасаудың, оны қолданудың биік деңгейі қалыптасты. Батырлар көбіне осы әлеуметтік жіктің өкілдері арасынан шықты. Олардың бар өмірі елдің қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Ел үшін жанын қиған Батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарына табынған. Ата-бабаларынан бері қарай Батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамағандар қара Батыр не қара берен Батыр, қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам жеке Батыр атанған
Қазақтың қаһармандық эпостарындағы АлпамысЕр Тарғын,ҚобыландыҚамбар, т.б. — жауына жалғыз аттанған осындай Батырлар. Талай рет қақпа бұзып, жау қамалына ойран салған ерлерін қазақ “қамал бұзған қас батыр” деп мақтан еткен. Бағзы заманнан қазақтың көптеген Батырлары жеке басының ерлігімен қатар жыраулық қасиетімен де дараланған. Қазтуған, МарғасқаЖиембетШалкиіз секілді от ауызды, орақ тілді ақындар — осындай Батырлар. Қазтуған өзі туралы: “Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымдысары жүн оққа толтырып, жанға сақтау болған жұрт” десе, Шалкиіз: “Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе сайлап кимен-ді, Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрменді” дейді. Марғасқа жырау — еңсегей бойлы ер Есімнің батырларының бірі болған; қосымша Батырлық

(1.1k баллов)
0

Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Бытылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасад