Қазба қалдықтары миоценнен белгілі. Дүние жүзіндегі барлық тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған. Тотытәрізділерге кіретін кейбір құстардың мысалдары: несторлар, жапалақтәрізді тотылар, лорилер, тоқылдақтәрізді тотылар, какадулар, нағыз тотылар және басқалар. Көпшілік түрлері жазықтарды мекендейді, кейбіреулері биік тауларға (теңіз деңгейінен 3600 м биіктікке) дейін көтеріледі. Дене тұрқы 9,5 см – 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады.