Апта түгіл ай өтті,
Ол ғарышқа ұшқалы.
Сонша неткен сай, епті,
Сонша неткен күшті әрі.
Еш адамға жолыкпас,
Гүлге толмас кұшағы.
Сонда да бір жалыкпас,
Күні-түні ұшады.
Ол кеткенде кыс еді,
Жер беті енді көктеңбіл.
Қашан жерге түседі?
Шыдамды еді неткен бұл?
Сөз болғанда бұл ағай,
Ал ұяла бастаңдар,
Түскедейін шыдамай
Сабағынан қашқандар.