Жапыраққа ерекше жасыл түс беріп тұратын зат - хлорофил пигменті. Сәйкесінше, барлық жасыл түсті ағзалардыдың хлоропласттарында хлорофил бар. Оның ең басты атқатаратын қызметтерінің бірі фотосинтез. Ол өсімдіктің ағзасының ең басты қоректену тәсілі. Қарапайым тілмен сипаттайтын болсақ, өсімдік жапырағындағы пигменттер қоршаған ортадан көмірқышқыл газын, суды және күн сәулесін сіңіріп, глюкоза мен оттек жасап шығарады. Глюкоза өсімдіктің өзіне қорек болса, оттегі біздің демалуымызға жұмсалады. Сол өсімдіктердің жасыл пигментінің арқасында, адамдар жер басып, дем алады. Ал күн сәулесі азайған шақтарда, бұл фотосинтез үрдісі бәсеңдейді. Сол кезде, өсімдіктер сарғайып, хлорофил пигменті өз күшін жоғалтады. Сол себептен, күз кезінде жапырақтар сарғайып, көктем кезінде жапырақтар жасылданады.