Біз өзіміздің күнделікті өмірімізге қажет заттарды сатып алу үшін ылғи дүкендерге барамыз. Сондықтан дүкен біздің өміріміздегі маңызды орындардың бірі. Дукендер әр түрлі болады: азық-түліктер сататын, киімдер сататын, және т.б. Бірақ, барлық көпшілік адамдар болатын орындар сияқты дүкенде де мәдениет сақтауға тырысу керек. Сол себептен, мен дукенге барған кезде басқа адамдарға кедергі жасағым келмейді.