Сын есім мағыналық түрлері

0 голосов
131 просмотров

Сын есім мағыналық түрлері


Қазақ тiлi | 131 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Сын есімнің мағыналық түрлері Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ең алдымен білдіретін мағынасына байланысты болады

(622 баллов)
0

Қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері мынадай топтарға белінеді:

1. Кейбір қос сөздер дара мағыналы сездерден құралып, жинақтық я жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы: аяқ-табақ, ыдыс-аяқ, бала-шаға, қыз-келіншек, кемпір-шал, т.б.

2. Кейбір қос сөздер белгілі бір ұтымды дәл атамай, екіұшты етіп болжау мағынасын береді. Мысалы: бүгін-ертең, кешелі-бүгінді, жеті-сегіз, қырық-отыз, алпыс-жетпіс т.б.

0

Кейбір қос сөздер белгілі амалдың бір рет емес, әлденеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы, сөйлей-сөйлей, жүре-жүре, бара-бара, айтып-айтып т.б.

4. Кейбір қос сөздер екі субектінің арасындағы әрекеттің немесе қарым-қатынастың тікелей болатынын білдіреді. Мысалы: көзбе-көз, жүзбе-жүз, қарама-қарсы, қолма-қол, т.б.

5. Біралуан қос сөздер, бір жағынан, аталатын затты кемсіну, қомсыну мағынасын білдірсе, екінші жағынан, тағы сол тәрізді бірдеме деген сияқты белгісіздікті қоса қамтиды.

0

Мысалы: сүт-мүт ішіп алайық дегенде, ішетін тамақ нағыз сүттің өзі емес, сол тәрізді бірдеме деген белгісіз нәрсені айтумен қатар, сол затты кемітіп, қомсынып айтқандықты білдіреді. Мысалы: ат-мат, ешкі-мешкі, кісі-місі, т.б.

6. Қос сөздер заттың түсін, көлемін я болмаса сапасын күшейту үшін де қолданылады. Мысалы: қып-қызыл, сап-сары, күп-күрең, үлкен-үлкен т.б.