Көктем туралы шығарма жазу

0 голосов
120 просмотров

Көктем туралы шығарма жазу


Қазақ тiлi | 120 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!

(510 баллов)
0 голосов

Көктем тамаша мезгіл.Көктем айлары ,наурыз, сәуір, мамыр.Көктемде қар ериді, күн жылынады. Көктемде күн ұзарып,түн қысқарады.Ағаштар бүршік жарып ,бәйшешек гүлденеді.Бәйшешек көктемнің хабаршысы. Жыл құстары келе бастайды.Көктемде жәндіктер тіріледі.Адамдар жылы киімдерін тастап жеңіл киімдерін киеді.

(53.9k баллов)