Тымақты ұру- бұл қазақтың ұлттық ойыны, аты бар, ерде отыра алатын, кез келген адам қатыса алады. Ойын шарты бойынша, биіктігі шабандоздың биіктігінен аспайтын, жерге қада қағылады. Оның жоғарғы жағына бас киім - тымақ киіледі. Онан соң ат үстіндегі адамның көзін байлайды, сосын " Тымақты ұрып көр!" деген сөздермен жібереді. Ат үстіндегі қолына қамшы алып, тымақты ұрып түсірмекші болады. Егер үш рет ұрғанында түсіре алмаса, ол тағы үш рет ұру үшін өлең айтады. Кім аз ұрып, тымақты тез түсірсе, сол жеңімпаз.