Көптен күткен көктемгі каникулды да аяқтап, жаңа тоқсанды бастадық. Мен көктемгі каникулда Шымкентте туратын досымның үйіне қыдырдым. Шымкент әсем қала екен. Досымның ата-анасы бізді киелі Түркістанға алып барды. Түркістандағы үлкен мешітті көрсетті. Шымкентте бізге қарағанда ауарайы жылы екен. Нағыз көктемді осы жерде көрдім.