Монолог ''бес ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚҮЙ ''

0 голосов
117 просмотров

Монолог ''бес ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚҮЙ ''


Қазақ тiлi (12 баллов) | 117 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ертеде отырықшы қалалы елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қонақжайлық арнаулы қонақ үй салуды қажет еткен жоқ. Кейін өндірістік-тауар, сауда қатынастарының дамуына байланысты ірі қалаларда көп бөлмелі, үлкен асханалары, автогараждары, мәжіліс, ойын-сауық құжыралары, т.б. тұрмыстық үй-жайлары бар қонақ үй салынды. Кеңестік дәуірде Қазақстанда қонақ үй көптеп салынды. “Жетісу”, “Қазақстан”, “Алматы”, “Достық”, “Рахат-палас”, “Анкара” (Алматы), “Интерконтиненталь”, “Турист”, “Алтын адам” (Астана) әлемдік озық үлгідегі қонақ үйлердің қатарына жатады. Қонақ үйлер қызмет сапасына қарай шартты түрде жұлдыз санына қарай бөлінеді:

екі жұлдыздыүш жұлдыздытөрт жұлдыздыбес жұлдыздыалты жұлдыздыжеті жұлдызды Әйтсе де соңғы екі түрі өте сирек кездеседі, әрі олар өте қымбат келеді.
(48 баллов)