Написать сочинение ** казахском языке про рекордсменов в Казахстане!!!Пожалуйста даю 20...

0 голосов
76 просмотров

Написать сочинение на казахском языке про рекордсменов в Казахстане!!!Пожалуйста даю 20 баллов. Помогите.


Математика (17 баллов) | 76 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Алматыда Қазақстанның ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығының  (ҚАЭА) жетінші басылымының таныстырылымы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазақстан рекордтар кітабының соңғы шығарылымына 1775 факті мен 1263 фотосурет еніп отыр. Бұнда елімізде орын алған қайталанбас, бірегей оқиғалар жинақталған.

 Мысалы, қазақтың ұшқыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, төрт жүз сексен литр қан тапсырып үлгерген еліміздің құрметті доноры Александр Скаковский, сегіз келіден астам металл заттарды денесіне жабыстыра алатын «магнит әйел» Қарлығаш Нығметова, қалың темір шыбықтарды майыстырып, тісімен ауыр жүктер көтере алатын «темір адам» атанған Салим Махаммад есімдері осы кітапқа еніп отыр.

 Рекордтар кітабының жаңа нұсқасын таныстыру салтанатында бірқатар рекордсмендер өз өнерлерін ортаға салып, таңғаларлық іс-әрекеттерін көрсетті.

 ҚАЭА 1999 жылдан бері шығарылып келеді. Ол «Тұран» университетінің бастамасымен қолға алынған болатын. Сол кезеңнен бері республикамыздың әртүрлі өмір салаларынан ақпараттар жинау және оларды егжей-тегжейлі анықтау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, еліміздің географиясын, тарихын суреттейтін және қазіргі өмірінен алынған қызықты да таң қалдырар оқиғалар жинақталды.

(118 баллов)