- Елік (косуля) – дене бітімі әдемі және жеңіл кішкентай жануар. Өзендердің жайылма алқабында, орманды далалы жерлерде өмір сүреді. Бұлар кішігірім үйірімен жүреді. Жүріп келе жатып, қауіпті сезсе желге қарсы жата қалады екен. Олар бір-бірінен алшақтап жатып, жаудың келгенін уақытында білу үшін үйірімен демалады.
Еліктер көктемде төлдейді. Баласын лақ дейді. Екі лақ кейде үш лақты дүниеге әкеледі.
Тоғайларда жасырынуға ыңғайлы бүйірі мен арқасының жүні сары түсті болып келеді, ал құйрығы ақ түсті. Еліктер – қорқақ жануарлар. Жаулары көп, негізгі жауы – қасқыр. Қауіпті сезе қалса, зыта қашып келе жатқанда құйрығын жоғары көтеріп, ақ жағымен лағын жасырады. Лақтарына жол сілтеп отырады. Осылайша олар 2-3 ай бойы анасынан ажырамайды.
Еліктер шөптер мен ағаш бұталы өсімдіктер, жидектермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді, тәттіні жақсы көреді. 11-16 жыл өмір сүреді. Облысымызды солтүстік бөлігін мекендейді.