1. “Киіз үй” тақырыбына әңгіме құру.

0 голосов
125 просмотров

1. “Киіз үй” тақырыбына әңгіме құру.


Қазақ тiлi (77 баллов) | 125 просмотров
0

Коротко!

Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
(122 баллов)
0

))