Имандылық туралы соңғы кезде көп естиміз. Бірақ мағынасын біле бермейміз. Атамнан имандылық туралы түсіндіруін сұрағанымда, атам имандылық дегеніміз- ол Тәңірге сену, оның бар екеніне, оның бізді жаратқанына , - деп түсіндірді. Және менің бұл түсініктерін онша ұға қоймағанымды білді. Онан имандылық деген мейірімділік, сабырлылық, шыдамдылық- деп түсіндірді. Және осындай адамдар тұрған қоғам- ибалы қоғам, яғни жамандыққа жол бермейтін қоғам деп түсіндірді.