Помогите перевести пожалуйсто оченьнадо только можно не через переводчик
Компьютердің атасы кім?
1876 жылы Болгарияда халық көтерілісі бұрқ ете қалды. Сол көтерілісте әке-шешесі мерт болған он үш жастағы Иван ағасына ілесіп Америкаға кетеді. Кейін ол америувндық әйелге үйленеді. 1903 жылы Джон атты сәби дүниеге келеді. Міне,осы Джон- компьютердің атасы. Джон бес жасынан әкесінен түрлі ойыншықтардың электр қуатымен қалай жүретінін, қандай сәуле шашатынын біліп өседі. Жиырма бес жасында Флорида университетін аяқтап, математик болып шығады. Кейін Висконси университетінде докторлығын қорғап, Айова университетінде қызмет істейді. Бала кезіндегі арманы - есепті жылдам шығаратын машина ойлап табу еді. Осы арманын 1933 жылы 40 жасында іске асыруға кірісті. Көп еңбектің нәтижесінде Берри деген көмекшісімен бірге 30 белгісізі бар алгебралық теңдеуді шешетін компьютерді құрастырып шығарады