І нұсқа
1.Лексика нені зерттейді?
А)тіл дыбыстарын C)сөз мағыналарын, сөздік қор мен сөздік құрамды
В) сөз тіркестері мен сөйлем мүшелерін Д) тыныс белгілерді
2. Көнерген сөзерді табыңдар.
А)уәзір, болыс, ояз С)қырықтық, қой тоғыту, қой төлдету
В)құжат, кеден, сынып Д)тұқым, тоқаш, кәсе
3. Жаңа сөзерді табыңдар.
А)қойма, атыз, лапас С)келсап, ұршық, шошала
В)тарих, келі, диірмен Д)зейнетақы, салымшы, келісімшарт
4.Тасымалданбайтын сөздерді көрсетіңдер.
А)ешкі, ана, апатай , бала С)төрт, ел, құрт, аға
В)сауысқан, қарға, аққу, лашын Д)гүлдер, лала, қалампыр, роза
5.Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай бөлінеді:
А) қатаң, еріндік, езулік В) ашық, қысаң, ұяң С) қатаң, ұяң, үнді Д) үнді, жуан, жіңішке
6.Туынды сөздерді табыңдар.
А)тарақ, бөлме, білім В)хабар, жаз, қыс С) қала, дала, ұшқыр Д)ағаш, жапырақ, түбір
7.Қосарлама қос сөзді табыңдар.
А)мал -жан, дос- жаран С)сөйлей- сөйлей , мая- мая
В)көре- көре, бара- бара Д)бет-бетімен, жақ- жаққа
8. Тіркесті сөздерді табыңдар.
А)келе жатыр, жазып отыр С)тас жүрек , су жүрек
В)тас әкелу , ағаш кесу Д)ол келді, мен барамын
9. Біріккен сөздерді табыңдар.
А)арбакеш, қаржыгер В)кітапхана, кәсіпкер С)бағдаршам , шекара Д)сәнқой , талапкер
10. Түбір мен қосымшаның арасындағы кейінді ықпалды табыңдар.
А)аспаз, кебу В)қолғап, ашса С)көзсіз, сөзшең Д)әнші, алғыр
11.Тіл комитеті қай жылы құрылды?
А)1993жылы В)1992 жылы С)1994 жылы Д)1991 жылы
12. «Сөздің ең ұлысы- тарих,»- деген афоризмнің авторын табыңдар.
А)Ж.Баласағұни В)А.Байтұрсынұлы С)Б.Оңдасынұлы Д)А.Құнанбайұлы
13.Мәтін сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А)мазмұндау, өзгеру В)хабарлау, баяндау С)байланысу, бірігу Д)суреттеу, баяндау
14.Түбір сөздерді табыңдар.
А)жұлдыз, күшті, дақтар С)қосымша, туынды, алабота
В) ұш, ұрпақ, көңіл Д)ұшқыш, көңілсіз, білім
15.Екі я одан да көп түбірлер бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер қалай аталады?
А)қос сөздер В)біріккен сөздер С)қысқарған сөздер Д)түбір сөздер
16.Қысқарған сөздердің дұрыс жазылған нұсқасын табыңдар.
А) ТУ 154- пен, ИЛ 86- ға, АН 24-тің С) ТУ 154 ке, ИЛ 86 мен, АН 24 ті
В) ТУ- 154 тен, ИЛ- 86 ны, АН- 24 пен Д) ТУ- 154-пен, ИЛ – 86-мен, АН- 24- ке
17.Дүниежүзілік қолданылу мүмкіндігіне ие болған, кең тараған тілдерді атаңдар.
А)қазақ, орыс, ағылшын, кәріс, жапон тілдері С)қытай, ағылшын, араб, испан, француз тілдері
В)орыс, өзбек, қырғыз, түрік тілдері Д)шағатай, қарақалпақ, қыпшақ, құмық тілдері
18.Әдеби тілдің нормаларын атаңдар.
А) лексикалық, грамматикалық, фонетикалық норма
В) фонемалық, синтаксистік, ауызекі сөйлеу тілі нормасы
С) орфоэпиялық, фонетикалық, ауызша норма
Д) орфографиялық, синтетикалық, морфемалық норма
19.Әдеби тілге жатпайтын сөздерді табыңдар.
А)көрікті, сұлу, реңді С)әдемі, қазы, жақсы
В)сұлтан, лашық, әлем Д)бейқұт, бышырлау, пісте
20.Орфоэпиялық нормаға сәйкес жазылған сөздерді табыңдар.
А)өзең, ақлақ, пара алмады С)өзең, ағлақ, бараалмады
В)өзөн, ағ ылақ , бар алмады Д)өзен, ақ лақ, бара алмады
Заранее спасибо!!