Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген.Ұл баласы ер жетсе бір шаңырақ иесі деп санаған.Ата-анасының шаңырағым да ең кіші ұлы қалады.Ол ата-анасының қартайған шағында қамқоршы болатын ұлы болады.Сондықтан қазақ халқы ең кенже ұлын шаңырақ иесі деп есептеген. Шаңырақта қалған ұлдың міндеті əке-шешесі қайтқанша қасында болып қамқорлық көрсету.Сол шаңырақты мықтап ұстау ,тоздырмау, қонақжайлы болу.Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған үйді киелі тұтып оған құрметпен қарау.Əке-шешесі қайтқаннан кейін де ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлық тарын үзбейді.Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді.Туған туыс жиналады да осы қара шаңыраққа жиналады.