Помогите 1 вариант пожалуйста срочно!!!!ПРОШУ ПОМОГИТЕ!!!!!!

0 голосов
88 просмотров

Помогите 1 вариант пожалуйста срочно!!!!ПРОШУ ПОМОГИТЕ!!!!!!


image
image

Қазақ тiлi (77 баллов) | 88 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Тілі мен түрі,діні мен ділі,мәдениет пен өнері тарихы тамырлас түркі тілдер халықтарының ортақ мәселесі біз үшін қазақ жұрты үшін үлкен мәселе.Халқымыздың асқақ рухын көтеріп,бірлік пен жасампаздыққа ұмтылған бірден бір мемлекетпіз.

Еліміздегі атаулы түркі елдер арасындағы мақтанарлық сәттер өтіп жатыр…..

Соның ішінде «Қазақ елі мен түркі елінің арасындағы достық қарым-қатынасына 20 жыл» толу ,»2012 Астана түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланды.Еліміздің осы бір атаулы даулы жылы үлкен мақтаныш. Астана түркі елдер арасындағы мәдени астана болуы әрбір қазақ үшін абырой. Қазақ елі түркі елдері арасындағы орны ерекше мызғымас абырой. Осындай атаулы оқиғалар бізді де бей – жай қалдырған жоқ…

Жауырда өткен іс-шараны атап айтсақ болады.

Түркі әлемі халықтарының мәдени қоры президенті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, турколог Ахмет Дагдуран және университетіміздің еңбекқор ұстазы саясаттану және әлументтану кафедрасының мұғалімі Исаева Мейрамгүл Ибадуллақызының жетекшілігімен өткен «Түркі әлемінің жастарының бірлігі және жастарының рөлі атты ең алғашқы 1-жастар конференциясын» атап өтіп, жастарға үлкен жол ашты. Атаулы конференцияда түркі елінің арасындағы өзекті мәселелер қарастырылды. Соның ішінде қазақ жастарының рөлі. Конференцияға зиялы қаувм мүшелері мен жастар комитеті қатысты. Кешті зиялы қауым мүшелерінің ізгі тілектері батамен аштық. Зиялы қауым құрамындағы қонықтарымыз: Мұрат Әуезов мәдениет танушы, қоғам қайраткері, жазушы ғылым. Зерттеу ғылымдарының докторы профессор Сағади Байзаков. Тарих ғылымдарының докторы Мамбет Қойгелдиев. Әдебиет танушы, жазушы Омер Билген. Жазушы Арман Ахмұхан. Хабар телеарнасынан келген қонақ Абай Ерғалиұлы. Университетіміздің саясаттану әлументтану кафедрасының меңгерушісі Ғанижамал Төлеуовна. Жастарға сәттілік тілеп, әрқашан тарихымызды танып, түбіміз түркі елі екенін ұмытпайық, жастарымыз тарихты бағыштай білсін дегендей ұлағатты сөздер атап өтті! Жастар комитетінің мүшелерінен Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенттері және Абылайхан атындағы шеттілдер және халықаралық қатынастар университетінің студенттері қатысты. Жастар комитетінің мүшелері түркі елдері арасындағы ұшқырлы мәселелерді ортағы салды.

Қошқарбаев Манас «Түркі халықтарының пайда болуы және оның даму тарихы»,Сейдан Омар «Ортақ тіл түркі халықтарының бірлігін ,Сұлтан Тілек. Қырғыстаннан келген студент «Қазақ пен қырғыз халықтарының бауырластығы»,Пирманов Азат «Түркі әлемі бірлігіндегі қазақ жастарының рөлі »,Хожамкул Фариза «Қазақстан және Түркияның 20 жылдық қарым-қатынасы»,Каналбаева Мәдемі «2012 Астана түркі әлемінің мәдени ортасы» , Рахимов Архат «Түркі мемлекеттерінің бірлігі заман талабы», Сейдлазым Меруерт «Қазақстан ғұламаларының түркі мәдениетіндегі рөлі», Есіркеп Мөлдір «Әл-Фарабидің түркі мәдениетіне қосқан үлесі», Мадиева Әмина «Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық мақсаттарындағы ұйымдар», Кішібекова Мөлдір «Түркі тілдерінің мәселелері», Қажымұқын Жазира «Шәкәрім Құдайбергеновтың түркі әдебиетіндегі рөлі», Сарыбаева Динара «Мұстафа Шоқай — түркі әлеміне танымал тұлға» т.б да тақырыптар өз шегінде қарастырылды. Кеш соңында конференцияға қатысқан жастарға мақтау қағазын салтанатты түрде тапсырып арнайы сыйлықтар тарту етілді. Мерекелік концерт «ЖАDO» тобының концерті, кеш соңында мерекелік дастарханнан дәм таттық, естелік суреттерге түсіп, барлығымыздың басымызды қосқан іс-шараны ерекше күн деп танимыз.

Осы атаулы «Түркі әлемінің жастарының бірлігі жәе қазақ жастарының рөлі» атты алғашқы конференциямыз әрі қарай жалғаса берсін дейміз. Әрбір қазақ азаматы мен азаматшасы бойында елге, Отанға деген сүйіспеншілік нығайсын. «Сіз бен біз» болып ортақ мәселенің шешімін таба білеміз. Жастарға осындай мүмкіндік беріп, жастардың басын қосып жатқан ұйымдастырушылық комитетіне және зиялы қауымға алғысым шексіз.


(205 баллов)
0

а можно не 4 вапрос а другие 3