Напишите мне правила- сөздердің тура және ауыспалы мағынасы

0 голосов
158 просмотров

Напишите мне правила- сөздердің тура және ауыспалы мағынасы


Қазақ тiлi (83 баллов) | 158 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Тура және ауыспалы сөздің мағыналары
Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. Цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі — жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.

Ал «Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзіңде…» (М) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.
Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. Адам басы; 2. Таудың басы; 3. Жұмыстың басы; 4. Сөздің басы; 5. Бұлақтың басы т. б.
Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді

(1.4k баллов)