Казак тылы бай тыл ойтолгау

0 голосов
113 просмотров

Казак тылы бай тыл ойтолгау



Қазақ тiлi (12 баллов) | 113 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Менін ана тілім - шексіз бай, шырайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдін алмастай қырын, абзал сырын тисіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дуниеге келгеннен бастап, ананын əлдиімен бойыма сініріп келе жатқан тілім мен ушін ен қастерлі, ен қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Суйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге тускен минутымнан,

Қулағыма сінірген таныс иісін, – деп жырға қосқан. 

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек ер адам ана тілін көзінін қарашығындай қорғауға, онын тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдін сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге аялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдін «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жандік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем  

Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. 

Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.

(66 баллов)