Əдебиет-өмір айнасы шығарма өтінемін кһмектесінізші

0 голосов
167 просмотров

Əдебиет-өмір айнасы шығарма өтінемін кһмектесінізші


Қазақ тiлi (12 баллов) | 167 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әдебиет-өмір айнасы Әдебиет сабақтарының идеялық дәрежесін арттыру мектептерде әдебиет пәнін оқытатын мұғалімдердің ең негізгі міндетінің бірі болып табылады. Әдебиет сабақтарында көркем шығарманың идеялық жағын аша отырып, оқушылардың ой-өрісін, өмірге көзқарасын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын жүйелі түрде дамытып отыру қажет. Оқушылардың әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, көркем шығармадағы адам мінездерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын оқушы түсінерліктей етіп айқын талдау жасап отыру керек. Сонда әрбір жеткіншек өмірдің шынайы бейнесін анық ұғына түседі. Мұны іс жүзіне асыру үшін мұғалімнің өзі шығарманың идеялық әлеміне терең бойлап, оны айрықша шабытпен түсіндіре білсе, әрине, оқушы да көркем әдебиеттің маңызын, тәрбиелік мәнін ұға түседі. Идеялық тәрбие беру жұмыстары әдебиеттен білім беру ісімен тығыз байланысты. Сондықтан идеялық тәрбие кіріспе сабақтан бастап жүргізіліп, оқушылардың өмірге көзқарасын бір арнаға салып қалыптастыру жағы көзделеді. Мұғалім кіріспе сабақта оқушының көңілін алдымен шығарманың тақырыбын ашып алуға аударуы тиіс. Сонда оқушы талданатын шығарманың идеялық мазмұнына байланысты шығармадағы кейіпкерлерге өз көзқарасын, өзіндік топшылауын айтуға тырысатын болады. Әрбір көркем шығарманың идеялық мазмұнын ашып алу үшін сол шығармаға мұғалім күні бұрын дайындалып, шығарманың идеялық мазмұнына сәйкес бірнеше мысалдарды, кейде сұрауларды дайындап алуы қажет болады.

(30 баллов)