Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі,интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
Синтетикалық тәсіл – сөздердіңқосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әріаналитикалық, әрі синтетикалықтәсілдермен байланысады.