Выпишите глаголы!Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының...

0 голосов
136 просмотров

Выпишите глаголы!Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен.

Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады.

Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал.
Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.


Қазақ тiлi | 136 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
орналасқан
жатыр
орын тепкен
кездеседі
ұқсайды
шұғылданады
жасайды
дамып келеді
көрсетеді
саналып
ұсынып келеді
(326 баллов)