Эссе тұрмыс салт жырлары

0 голосов
127 просмотров

Эссе тұрмыс салт жырлары


Қазақ тiлi (12 баллов) | 127 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтанда тұрмыс -  салт жырлары деп атайды.

Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі сөз болады, төрт үлік мал және жан – жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс – салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар – жар, той бастар, беташар, бата -  тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.Төрт түлік қазақ халқының күн көрісінің көзі еді. Ол сауса -  сүт, сойса –  ет, мінсе -  көлік, келсе қадірлеп, ол туралы нелер бір тамаша жырлар тудырып отырған. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы қой сүйеді баласын “қоңырым” деп, адам баласы өзінің өзінің де малға ерекше сүйінуін жырлайды.

Тұрмыс – салт жырларының ең көп түрінің бірі – наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып , мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз. Тұрмыс – салт жырларын жалпы әрбір адам айта береді, әсіресе, олар той жиындарда көп айтылады. Үлкендер сияқты сен де сондай жырларды үйреніп алып немесе өзінң жаныңнан шығарыпта айтқан.

(281 баллов)