Көзінің ағы мен қарасындай қос сәбиі, ең қымбат байлығы. Ақыл таразысына салды, ойланды, сөйтіп үйіне қайтып оралды. Ол екеуінің арасынан қыл өтпейді, өте тату достар.
Марат досын қызғыштай қорыды, ештеңені жуытпады. Атам әрдайым "Ешкімнің ала жібін аттама, ұрлық жасама"- деп отырады.
Көршінің қызы жүзіктің көзінен өткендей сұлу екен.
Сая сөздің майын тамызып, әдемі сөйлейді.