Менің атам мен әжем бар. Олар Ақсу қаласында
тұрады. Атам 66 жаста, ал әжем 65 жаста.Екеуі де зейнеткер. Олардың төрт
ұлы, бір қызы және он немересі бар. Мен атам мен әжеме әр демалыс сайын
барып тұрамын. Мен келгенде әжем менің жақсы көретін бауырсақ, самса, қалаштарды
және тағы да басқа тәтті тағамдарды пісіреді. Әрине мен оған көмектесемін. Біз ата-әжемізден көп
ақыл-кеңес аламыз. Мен өзімнің ата-әжемді өте қатты жақсы көремін. Олар бізге: «Ешқашан
үлкеннің жолын кеспесеңдер, қолдарынан келсе көмектесіп жүріңдер» -дейді. Осы
сөзді біз өзімізге тұмардай сақтауға тырысамыз.