Помогите мне,мне нужно эссе ** тему ұлттық мереке

0 голосов
61 просмотров

Помогите мне,мне нужно эссе на тему ұлттық мереке


Қазақ тiлi (14 баллов) | 61 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Дәстүрлі қазақ халқының өмірінде мерекелердің, ұлттық ойындар мен спорт жарыстарының алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бір-бірімен сөйлесуге, қарым-қатынас жасасуға мүмкіндік алады. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстары жастарды төзімділікке, ұстамдылыққа, тапқырлылыққа баулыды. Олар кез келген ауыр сынаққа әрқашан әзір болып өседі. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақтар көктемгі күн мен түннің теңелуін Жаңа жылдың басы - Наурыз мерекесін атап етеді. Наурыз парсының «новруз» «жаңа күн» деген сөзімен мағыналас. Ол — бағзы заманнан келе жатқан қасиетті мереке. Бұл күні ұрыс-керіс, соғыс атаулы тоқтатылады. Бұрын бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар қайтадан татуласады, өткен-кеткен өкпе-реніштердің бәрі де кешіріледі. Өркім өз үйлерін тәртіпке келтіреді, сыпырып, тап-таза етіп қояды. Адамдар сәнді киініп, бір-бірін кұттықтайды, қонаққа барады. Ақсақалдар үй-үйді аралап, өмірден өткен ата-бабаларға, аруақтарға, марқұм болғандарға арнап құран бағыштайды. Әйелдер ежелден келе жатқан салт бойынша құрамында жеті түрлі тағамдық зат бар наурыз көжені мол етіп пісіреді. Одан көрші-қолаң, туған-туыстар мен үлкен-кішілер және үйге келген қонақтар түгел дәм татады. Жастар бір-біріне ескерткіш сыйлықтар ұсынады. Бұл күні ұлттық ойындар мен спорт жарыстары өткізіледі. Қазақтарда наурыздан өзге қымызмұрындық, соғым басы, сүндет тойы, тоқым қатар сияқты басқа да толып жатқан мереке-тойлар болған.

(204 баллов)