Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол-дәрігер болу.Маған дәрігер болу қатты ұнайды. Болашақта жаны ауырған адамға көмегімді тигізсем, өзімді өте бақытты жан деп бағалар едім.Арманы жоқ адам болмайды, әрине.Әркімнің өз арманы бар. «Сол арманым орындалса екен, соған жетсем екен, қателеспесем екен» деп тілейді. Соған жетуге, қателеспеуге ұмтылады.Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!