Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес,
ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан
тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.В.И.Ленин: "Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” –
дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық
өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл
байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып
отыратын баға жетпес мұра. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын
өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші
пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты
қаруы.Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау,
көңіл тұнығын лайлау. "Тіл халық қазынасы" деп бекер айтпаған.